Баланы балабақшаға кезекке қоюдың жаңа тәртібі.

Баланы балабақшаға кезекке қоюдың жаңа тәртібі.

Құрметті ата-аналар!

Оқу-ағарту министрлігінің №372 бұйрығына сәйкес, Талдықорған қалаларының тұрғындары үшін баланы кезекке қою және балабақшаға қабылдау алгоритмі өзгерді.

 

Баланы балабақшаға қабылдау үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

 

- Талдықорған қаласында көрсетілген мекенжай бойынша кезекке тұру үшін өтініш беруді таңдау керек.

- Ваучер туралы хабарламаны күту — ол сіздің кезегіңіз келген кезде келеді. (Хабарлама алу тәсілінен SMS таңдалғанына және телефон нөміріңіздің дұрыстығына көз жеткізіңіз. Егер бұлар дұрыс болмаса, SMS жібере алмаймыз.)

- SMS алғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде ваучерді қабылдап, балабақшаны таңдау қажет.(Егер ваучер қабылданбаса — ол жойылады, ал өтініш «стоп-лист» тізіміне жіберіледі.)

- 5 жұмыс күні ішінде құжаттарды тапсыру қажет. (5-ші күні мерзімді қосымша екі жұмыс күніне ұзарту мүмкіндігі ашылады.)

- Егер үлгермесеңіз — ваучер мен өтініш жойылады, өтінішті қайтадан беру керек болады.