Білім беру мекемелеріне педагогтарды жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Педагогтерді орта білім беру ұйымдарына лауазымдарға тағайындау конкурсы «Педагогті жұмысқа қабылдау» модулінде (https://hr-nobd.edu.kz/) жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Конкурс қорытындысы бойынша шешімді конкурстық комиссия үміткерлердің жинаған балдары негізінде қабылдайды. Ең жоғары балл жинаған үміткер жұмысқа қабылданады.
Конкурс нәтижелері туралы хабарламаны конкурстық комиссияның хатшысы кандидатқа электрондық поштаға жібереді және өтініште көрсетілген телефон арқылы хабарлайды.
Конкурс нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қатысушы осы бекітілген нысан бойынша жоғары тұрған мемлекеттік ұйымда (білім бөлімдері, білім басқармалары) құрылған апелляциялық комиссияға өтінішпен шағым жасайды.