«Қазақстан балалары» атты брифинг өткізілд

«Қазақстан балалары» атты брифинг өткізілд

2025 жылғы 30 мамырда облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен құзырлы органдардың мамандары, мектеп директорлары, бала құқықтары жөніндегі уәкіл және мектеп оқушыларының қатысуымен «Қазақстан балалары» атты брифинг өткізілді.
Брифинг барысында балалардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға және құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамалық бастамалар, жан-жақты дамуына жағдай жасауға, әрбір баланың үніне құлақ асатынын, мемлекет тарапынан қорғалатыны туралы түсіндірілді.
Сонымен қатар, облыс бойынша 2025 жылғы 22 мамыр мен 1 маусым күндері аралығында «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы шеңберінде ұйымдастырылған іс-шараларға да шолу жасалды.