2025 жылғы 27 мамырда облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Қ.Касымов, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы А.Чарапиев, төтенше жағдайлар департаментінің аға инженері Е.Аубакировтың қатысуымен «Қауіпсіз әрі салауатты демалыс: балалар лагерлерінің жазғы маусымға дайындығы, оқу жылының аяқталуы, оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруы» атты брифинг өткізілді.
Брифинг барысында мектептердегі қорытынды бағалау, бітіруші сынып оқушыларының емтихан тапсыруы, Ұлттық бірыңғай тестілеудің ұйымдастырылуы, жазғы демалыс кезінде балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қауіпсіздік ережелері, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және ата-аналармен бірлескен жұмыстар жөнінде кеңінен айтылды.
Брифинг соңында басқарма, департамент өкілдері БАҚ тілшілерінің сұрақтарына жауап беріп, қоғаммен ашық әрі тиімді байланыс орнатудың маңыздылығына тоқталды.