"Онлайн бюджеттік мониторинг" модулін түсіндіру бойынша кездесу өткізілді

"Онлайн бюджеттік мониторинг" модулін түсіндіру бойынша кездесу өткізілді

Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті, «Жетісу облысы бойынша дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ, «Жетісу облысы бойынша денсаулық сақтау басқармасы» ММ, «Жетісу облысы бойынша мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ,  «Жетісу облысы бойынша білім басқармасы» ММ, «Жетісу облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті», «Талдықорған обаға қарсы станциясы» РММ және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларының қатысуымен кездесу өткізді. Іс-шара барысында онлайн бюджеттік мониторинг шеңберіндегі алдын алу шараларының  құрамдас бөліктері бойынша түсініктемелер берілді, сондай-ақ бюджет қаражатын негізсіз аудару және оларды жою фактілеріне қатысты анықталған мәселелер талқыланды. Жалақы төлеуге қатысты мониторинг тұрақты түрде жүргізіледі, оның нәтижелері бойынша бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке) және оның аумақтық органдарына мониторинг объектісіне ден қою-хат жолдау арқылы дереу шаралар қабылдау үшін хабарлама жолданады. Бүгінгі таңда мониторинг қорытындылары бойынша 53 объектіге жалпы сомасы 359,0 млн теңгені құрайтын 772 хабарлама жіберілді. Оның ішінде 99,6 млн теңге сомасындағы тәуекел расталды, бұл қаражаттың 3,1 млн 

теңгесі бюджетке өтелді. Білім беру саласында анықталған 96,4 млн теңге сомасындағы бұзушылықтар 

бойынша кінәлі тұлғалар сотталып, жазасын өтеуде. Қазіргі уақытта Комитет және оның аумақтық департаменттері тарапынан төрт тәуекел бейіні бойынша (карточкалық шот бойынша жеке тұлғалардың деректерінің сәйкессіздігі; МДФЛ-де ТАӘ-нің сәйкессіздігі; бірнеше төлеммен артық қаражат аудару тәуекелі; бір төлеммен артық қаражат аудару тәуекелі) білім беру объектілерінің Қазынашылық органдары арқылы жүргізген қаражаттарына онлайн мониторинг жүргізілуде. Департамент қызметінің бұл жаңа бағыты мемлекеттің ақшалай қаражатын пайдалануына бақылауды күшейтуге бағытталған.