Облыс көлемінде дәстүрлі түрде өтетін «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» байқауы өз жұмысын бастады. Байқаудың мақсаты – шығармашыл, кәсіби біліктілігі жоғары, заманауи білім беру талаптарына сай келетін талантты педагогтерді анықтап, қолдау көрсету.
Байқау мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану деңгейі, кәсіби шеберлігі мен жетістіктерін бағалауға бағытталған. Сонымен қатар, бұл шара педагог мәртебесін көтеруге және қоғамда мектепке дейінгі білім беру саласының маңыздылығын арттыруға ықпал етеді.
Үздік деп танылған педагог облыстық әдістемелік орталықтың арнайы дипломымен марапатталып, республикалық кезеңге қатысу мүмкіндігіне ие болады.