Күн тәртібінде 2025 жылғы облыстық бюджетті өзгерту туралы шешім жобасы қаралды.
Басты мәселе бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рауан Аманұлы Дауталинов баяндама жасап, қабылданған өзгерістерге сәйкес, қаржы басталған жобаларды аяқтауға және әлеуметтік-экономикалық дамудың ең маңызды бағыттарына жұмсалатынын атап өтті. Басым міндеттердің қатарында автомобиль жолдары мен әлеуметтік нысандардың құрылысын аяқтау, халықты газбен, электр энергиясымен және сумен қамтамасыз ету бар.
Соңында облыс әкімінің орынбасары Асет Серікұлы Канагатов өңірдің негізгі мәселелерін шешуге белсенді атсалысқандары үшін депутаттарға алғыс айтып, облыстың тұрақты дамуы мен халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап айтты.
Жиын қорытындысында мәслихат депутаттары 2025 жылға арналған Жетісу облысы бюджетіне енгізілетін өзгерістерді бірауыздан қолдап, бекітті.