Жетісу облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті

Жетісу облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті

2025 жылғы 30 сәуір күні Талдықорған қаласындағы Жетісу облысы әкімдігінің ғимаратында облыс әкімінің орынбасары А.С. Қанагатовтың төрағалығымен жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының (ВАЖТ) кезекті отырысы өтті.

Кеңес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментімен бірлесіп ұйымдастырылды. Кеңесте ағымдағы жылдың алғашқы үш айындағы жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) себептері жан-жақты талданды.

Сонымен қатар, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігі деңгейін арттыру мақсатында нақты ұсыныстар мен шаралар қарастырылды.