«Жасанды интеллект көмегімен жұмыс процесін оңтайландыру» интенсив-семинар өтті

«Жасанды интеллект көмегімен жұмыс процесін оңтайландыру» интенсив-семинар өтті

      Ағымдағы жылдың 14 тамызында облыс әкімдігі ғимаратының үлкен залында IT-HAB Jetisu Digital-мен бірлесіп «Цифрлық технологиялар басқармасы»  ММ-сі қолдауымен ұйымдастырылған «Жасанды интеллект көмегімен жұмыс процесін оңтайландыру» тақырыбында қарқынды семинар өтті.    

    Семинар жасанды интеллектпен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында (күнделікті тапсырмаларға жасанды интеллект енгізу, жасанды интеллект көмегімен процестерді автоматтандыру, мысалдар мен практикалық кеңестер) мемлекеттік органдар үшін арнайы өткізілді.    

     Спикерлер сонымен қатар қатысушыларға алған білімдерін іс жүзінде қолдануға және СhatJPT-тің өз ұйымдары үшін әлеуетін бағалауға көмектесетін практикалық тапсырмаларды талқылады.