Құрметті Жетісу облысының тұрғындары!
Сіздерді келе жатқан Жаңа 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Өтіп бара жатқан жыл атқарылған істермен, жинақталған тәжірибемен есте қалды. Ал алдағы жыл – жаңа жоспарлар мен тың мүмкіндіктерге толы болсын.
Біздің ортақ мақсатымыз – цифрлық технологияларды өңір тұрғындарының өмірін жеңілдететін, уақытты үнемдейтін және сапаны арттыратын құралға айналдыру.
Жаңа жыл әр отбасыға береке мен тыныштық, жаңа жетістіктер мен жарқын идеялар әкелсін. Баршаңызға денсаулық, мол табыс және сенімді болашақ тілеймін!
Құрметпен, Айдын Жангелдіұлы Темірбаев
Жетісу облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы