1 қаңтардан бастап жобалар сараптамасы жаңа цифрлық порталға өтеді

1 қаңтардан бастап жобалар сараптамасы жаңа цифрлық порталға өтеді

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жобаларды әзірлеу және сараптамадан өткізу үдерісін «бір терезе» қағидасы бойынша ұйымдастыруға арналған жаңа портал іске қосылып, қолданыстағы epsd.kz порталының орнына енгізіледі.

Жаңа портал құрылыс саласындағы барлық қатысушыларды — тапсырыс берушілерді, салалық реттеушілерді, жобалау және сараптама ұйымдарын бірыңғай цифрлық ортада біріктіруге бағытталған.

Платформа жобалау кезеңінен бастап қатысушылардың бірлескен жұмысын қамтамасыз етіп, құрылыс нысанының толық цифрлық өмірлік циклын қалыптастырады.

2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін сараптамаға ұсынылған жобалар бойынша барлық рәсімдер қолданыстағы epsd.kz порталында аяқталады.

Келесі жылдан бастап кешенді қала құрылысы сараптамасы мен кешенді ведомстводан тыс сараптама, сондай-ақ Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкінің өтінімдері тек жаңа портал арқылы қабылданатын болады.

 «Мемсараптама» РМК жаңа цифрлық платформаға кезең-кезеңімен көшу мақсатында, пайдаланушыларды оқытуға және нарық қатысушыларын жаңа порталдың құралдарына бейімдеуге бағытталған оқыту іс-шараларын жоспарлауда.

Дереккөз: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет ресурсы

1 қаңтардан бастап жобалар сараптамасы жаңа цифрлық порталға өтеді