2025 жылғы 8 қазанда Жетісу облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы А. Темірбаев «Жалпы цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріне қадам» тақырыбында кеңес өткізді.
Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың халыққа Жолдауындағы негізгі ережелерді, әсіресе цифрлық технологияларды дамыту, жасанды интеллектті енгізу және заманауи цифрлық экожүйе қалыптастыру бағыттарын талқылау.
Кеңес барысында қатысушылар келесі мәселелерді қарастырды:
• өңірде цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы жаңа мүмкіндіктер;
• жалпы цифрлық трансформацияға көшу кезіндегі сын-қатерлер мен тәуекелдер;
• Жетісу облысында Президент тапсырмаларын іске асыру бойынша практикалық қадамдар.
Іс-шара басқарма қызметкерлері мен ведомстволық ұйымдардың басшылары арасындағы ашық пікірталас алаңына айналды. Талқылау барысында конструктивті пікір алмасу өтіп, Жетісу өңірінің заманауи цифрлық болашағын қалыптастыруға бағытталған ұсыныстар мен бірлескен шешімдер әзірленді.