eGov.kz порталы арқылы электронды форматта анықтамалар алудың қолжетімділігі туралы

eGov.kz порталы арқылы электронды форматта анықтамалар алудың қолжетімділігі туралы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бірлесіп, Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сұраныс деңгейіне талдау жүргізді. Талдау нәтижесінде өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы көрсетілетін 15 неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызмет анықталды.

Бүгінгі күні азаматтардың елеулі бөлігі eGov.kz порталы арқылы электронды форматта қолжетімді анықтамаларды алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (өзіне-өзі қызмет көрсету секторы) бөлімдеріне жүгінуді жалғастыруда.

Тәжірибе көрсеткендей, бұл анықтамалар жұмысқа орналасу, оқу орындарына түсу, әскерге шақырылушылар үшін, 076 медициналық тексеруден өту анықтамасын алу, зейнетақы рәсімдеу үшін  құжаттарды дайындау және т.б мақсатында әртүрлі ұйымдардың талабы бойынша сұратылып келеді.

Осыған байланысты сіздерге eGov.kz веб-порталы арқылы Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ бірқатар анықтамаларды электронды түрде алуға болады, атап айтсақ:

  • Соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама
  • Наркологтың динамикалық бақылауында болмауы туралы анықтама
  • Мұрағаттық анықтамалар, мұрағат құжаттарының көшірмелері немесе үзінділері
  • Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер (психиатрия)
  • Құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталының анықтамалары
  • Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама
  • Жылжымайтын мүліктің бар/жоқтығы туралы анықтама
  • Фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер (фтизиатрия)
  • Банк несиелері мен микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тарту
  • Несие тарихы (Бірінші несие бюросы)
  • Медициналық мекемеге тіркелу
  • Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер
  • БЖЗҚ-дағы қаражат қозғалысы туралы ақпарат
  • Жұмыссыз ретінде тіркелу
  • Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер

          Сондай-ақ, аталған анықтамаларды азаматтар аудандық/қалалық әкімдіктердің, ауылдық/қалалық округтер әкімдіктерінің, аудандық бөлімдердің (қызмет көрсетуші ұйымдар), мектептердің, кітапханалардың, ауруханалардың, балабақшалардың ғимараттарында орналасқан «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарынан» алуға болады

«Жетісу облысы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімі.