4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күні

4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күні

Жетісу облысында Мемлекеттік рәміздер күніне орай барлық аудандар мен қалаларда бір мезгілде 5 мыңға жуық адам қатысқан Мемлекеттік Ту көтеру және Мемлекеттік Гимнді орындау патриоттық іс-шаралары өтті.

Талдықорғандағы Мемлекеттік Ту көтеру салтанатты рәсіміне облыс әкімі Бейбіт Исабаев, ардагерлер, мәслихат депутаттары, жастар, ҚХА өкілдері, түрлі қоғамдық ұйымдар, қала тұрғындары қатысты.

Мереке аясында өңірде 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылды.