2025 жылдың 7 мамырында Жетісу облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Жаңа толқын» жобасы шеңберінде жастар ұйымдарының қатысуымен кезекті мотивациялық кездесу ұйымдастырылды.
Аталған шараның басты мақсаты — жас буынды белсенді азаматтық ұстанымға баулу, олардың көшбасшылық және шешендік қабілеттерін дамытуға қолдау көрсету, өзін-өзі жетілдіруге ынталандыру және қоғам өміріне белсенді араласуға тарту.
Кездесу аясында жастар үшін танымал спикерлер мен менторлардың қатысуымен мотивациялық баяндамалар ұсынылды. Қатысушылар топтық тренингтерге белсене араласып, командамен жұмыс істеу, көшбасшылық қасиеттер, сыни ойлау мен шығармашылық тапсырмаларды шешу бағытында тәжірибе жинады.
Ашық сұхбат форматында өткен диалог алаңында жастар қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты пікірлерін ашық білдіріп, өз ойларын еркін жеткізді. Мұндай пікір алмасу олардың азаматтық көзқарасын қалыптастыруға және қоғамдық бастамаларға атсалысуына жол ашты.
Іс-шара соңында қатысушылар алдағы жобалар мен кездесулерге белсенді түрде қатысуға шақырылды. Ұйымдастырушылар жастармен жұмысты жалғастыра отырып, олардың ұсыныстары мен пікірлерін ескере отырып жаңа форматтағы іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр.
«Жаңа толқын» — бұл тек жоба емес, жастардың жарқын болашағына жол ашатын сенімді алаң. Мұндай бастамалар жас ұрпақтың өз әлеуетін іске асыруына, жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуіне және ел болашағына үлес қосуына зор септігін тигізетіні сөзсіз.