Көксу ауданының Жамбыл ауылындағы тау бөктерінде 6 мамыр күні аудан әкімі Дәулет Кенжеханұлының қатысуымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған "Жас Ұлан" әскери-спорттық ойыны ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты — жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау және елге деген сүйіспеншілікті арттыру.
Шараға аудан мектептерінің «Жас Ұлан» топтары белсене қатысып, сап түзеп, мемлекеттік Туды көтерді. Патриоттық әндер шырқалып, жүрек тебірентер өлеңдер оқылып, әскери-спорттық жарыстар өткізілді.
Біз — батыр бабалар жолын жалғар жас ұрпақпыз!
Туған жерге қызмет ету — нағыз ерлік!