Тіл майталмандары марапатталды

Тіл майталмандары марапатталды

24 сәуірде Алматы облысы Қонаев қаласында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен «Мемлекеттік тіл саясаты: тәжірибелер мен инновациялар» тақырыбында республикалық семинар ұйымдастырылды. Аталған семинарға Жетісу облысы қоғамдық даму басқармасының тілдерді дамыту және ономастикалық жұмыс  бөлімінің бас маманы Қ. Бозтаева және Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Ақсу аудандық филиалының меңгерушісі    Т. Шермұханова қатысты. Семинардың марапаттау бөлімінде тілдерді дамыту және ономастикалық жұмыс бөлімінің бас маманы Қ. Бозтаева ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасымен, Ақсу аудандық филиалы меңгерушісі Т. Шермұханова Алғыс хатымен марапатталды.