Креативті топ қарқынды жұмыс істеуде!

Креативті топ қарқынды жұмыс істеуде!

Ұжымдық еңбек, ізденіс пен шығармашылықтың нәтижесі — жаңа әдістемелік өнім!

Жетісу облысының "Тіл" оқу-әдістемелік орталығында  креативті топтың тынымсыз жұмыс істеп, мазмұнды, заманауи, әрі пайдалы әдістемелік кешен дайындау жолында еңбек етіп жатқанына бірнеше ай болды.  Бұл үдеріс барысында әр маман өз тәжірибесімен бөлісіп, бірлесе отырып тиімді шешімдер қабылдады:

🔹 Әдістемелік құрылым нақты жүйеленді.

🔹 Кітап мазмұнын  толықтыру бағытында тың идеялар енгізілді.

🔹 Өнім мазмұнның, көркемдіктің сапасына ерекше көңіл бөлінді.

Қазір  әдістемелік  кешенді өңдеу және түзету жұмыстары жүргізілуде.

Бұл — жай ғана әдістемелік кешен емес,  тәжірибені бөлісудің, жаңашылдықты дамытудың және білім беру үдерісін жетілдірудің нақты қадамы болмақ.