«Үздік оқытушы» облыстық байқауы өтті

«Үздік оқытушы» облыстық байқауы өтті

2025 жылғы 10 сәуірде Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы облыстық «Үздік оқытушы – 2025» облыстық байқауы өтті. Сайысқа Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының аудандық және қалалық филиалдарынан 10 үміткер бақ сынады. Байқауға Жетісу облысы қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы Т. Рахымберлина, №11 орта мектептің мұғалімі М. Халыққызы және «Үздік оқытушы -2023» республикалық байқауының I орын иегері Ж. Елесебаева төрелік етті. Байқаудың шымылдығын мекеме басшысы Ж. Жолдыбаев кіріспе сөзімен ашып,қатысушыларға сәттілік тіледі. Үздік оқытушылар додасы 3 кезеңнен тұрды:
Алғашқы кезеңінде қатысушылар тілді оқытуда пайдаланатын заманауи технологияларымен таныстырды. Екінші кезеңде әдістеме бойынша сұрақтарға жауап берсе, үшінші кезеңде үміткерлер В2 - орта деңгей тыңдаушыларынан құралған топпен сынама сабақ өткізді.

Байқау қорытындысы бойынша:

І орынды Айгерім Молдабаева (Ескелді ауданы);
ІІ орынды Айдана Маманқызы (Ақсу ауданы) және Жадыра Шатырбаева (Көксу ауданы) теңдей бөліссе;
ІІІ орынды Мадина Айтова (Сарқан ауданы) иеленді.

Қалған 6 қатысушыға ынталандыру жүлдесі берілді. Байқауға қатысушыларға алғысхаттар, дипломдар мен ақшалай сертификаттар табысталды.

Шара соңында мекеме басшысы құттықтау сөз сөйлеп, қазақ тілі оқытушыларының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы-2025» облыстық байқауының жүлдегерлеріне сәттілік тілеп, байқауға қатысқан барлық қатысушыларға ризашылығын білдірді.

Еске сала кетсек, 2024 жылы республикалық байқауға Жетісу облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының Көксу аудандық филиалының меңгерушісі О. Қойчибеков қатысып, жүлделі ІІІ орынды қанжығалаған еді.