2025 жылғы 3 сәуір күні Талдықорған қаласындағы Тіл сарайында Жетісу облысы әкімдігі жанындағы ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібінде:
▫ Алдыңғы отырыс хаттамасының орындалуы;
▫ Сараптамалық кеңестердің құрамын бекіту;
▫ Кербұлақ, Панфилов аудандары мен Талдықорған қаласының ҮЕҰ-мен жұмыс тәжірибесі.
Жетісу облысында 500-ден астам ҮЕҰ тіркелген. Оның 100-ге жуығы әлеуметтік маңызды салаларда белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Биыл 1 млрд теңгеден астам қаражат бөлініп, 100-ге жуық жоба жүзеге асырылады.
Мемлекет пен ҮЕҰ арасындағы серіктестік – қоғамның өзекті мәселелерін бірлесе шешудің тиімді жолы.