Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

2025 жылғы 2 сәуірде Жетісу облысы Тіл оқу-әдістемелік орталығы мен Жетісу университеті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды! Бұл маңызды келісім – мемлекеттік тілді дамыту, білім беру сапасын арттыру және ғылыми ынтымақтастықты нығайту жолындағы үлкен қадам.
 Шара барысында Жетісу университетінің басқарма төрағасы - ректор, заң ғылымдарының докторы, профессор Ермек Бөрібаев Жетісу облысы Тіл оқу-әдістемелік орталығының басшысы Жеңіс Хамитұлы сөз сөйлеп, Меморандумның маңыздылығын атап өтті.

Филология ғылымдарының докторы, профессор, ілиястанушы Иманғазинов Мұратбек Мүбаракханұлы өз кезегінде мемлекеттік тілді оқыту сапасын жетілдіру мен жаңа әдістемелік құралдарды әзірлеудің маңыздылығына тоқталып, бұл келісімнің тіл үйренушілерге үлкен мүмкіндік беретінін айтты.

Мекеме басшысы Жеңіс Хамитұлы, қазақ тілін меңгеруге бағытталған инновациялық әдістер мен ғылыми зерттеулердің рөлін, университетпен бірігіп атқарылған толымды істерді атап өтіп, университет пен орталық арасындағы бірлескен жобалардың болашағына, іскерлік қарым-қатынастың бұдан әрі нығаятындығына сенім білдірді.

 Ынтымақтастық аясында:
✅ Оқытушылар мен студенттерге арналған курстар, семинарлар, тренингтер ұйымдастырылады;
✅ Ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізіп, үздік тәжірибелерді қолданылады;
✅ Қазақ тілін меңгеруге арналған инновациялық жобаларды жүзеге асырылады.