2024 жылдың 29–30 қараша күндері Жетісу облысының әкімдігі, «Қоғамдық келісім» КММ-сі мен Қазақстан халқы Ассамблеясы Жетекші журналистер мен сарапшылар клубының ұйымдастыруымен Қазақстанға танымал журналист және қоғам қайраткері Бейсен Құранбекті еске алуға арналған футзалдан республикалық турнирі өтті.
Турнирдің мақсаты:
Бейсен Құранбек – қазақ журналистикасының қайраткері, шынайылық пен әділдікті ту еткен тұлға. Бұл турнир оның жарқын бейнесін еске алып, жас ұрпақты салауатты өмір салтына баулу, достық пен бірлікті нығайту мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Қатысушылар:
Турнирге Қырғыз Республикасы және Қазақстанның әр өңірінен келген 10 команда қатысты. Турнирға Қырғыз Республикасынан - «Қырғыз», Астана қаласынан - «Qaz365.kz», «Хабар-24», Алматы қаласынан - «Алматы», Шымкент қаласынан - «Күнгей кз», Алматы облысынан - «Қонаев», Жамбыл облысынан - «Жамбыл тв», Жетісу облысынан - «Qareket», Қызылорда облысынан - «Ақмешіт», Шығыс Қазақстан облысынан - «Шығыс» командалары қатыты. Командалар Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қызметкерлері.
Турирдің қорытындысы бойынша марапатталғандар:
«Үздік ойыншы» номинациясымен Азат Құмарбек
«Үздік бапкер» номинациясымен БекТөлеу
«Үздік қорғаушы» номинациясымен Диас Нұрлыбай
«Үздік шабуылдаушы» номинациясымен Жәнібек Есеналиев
«Үздік қақпашы» номинациясымен Әділхан Есімханов
«Жанкүйер ықыласы» номинациясымен Алмас Сәдуақас
«Нұртілеу Иманғали» атындағы арнайы жүлдемен Аман Тасыған
«Амангелді Сейітхан» атындағы арнайы жүлдемен Дулат Нуркин
«Сайын Тұрсынов» атындағы арнайы жүлдемен Нұржан Туғанбай
Жетісу облысының Әкелер Одағы Республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының Дипломымен Мирас Құмарғали, Қайырқан Амандосов марапатталады
Жетісу облыстық маслихатының арнайы жүлдесімен Жандос Айтпайұлы, Ержан Батыршаев марапатталады
IV орын «Ақ мешіт» командасы – Қызылорда облысы
ІІІ орын – «Qaz365» командасы – Астана қаласы
ІІ орын – «Қырғыз» командасы – Қырғыз Республикасы
І орын – «Qaraket» командасы – Жетісу облысы