
2024 жылы белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекет тарапынан қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» бойынша 3 млн. теңгеден 10 грант қарастырылған.
Гранттар 5 бағыт бойынша беріледі:
1) «Ғылым» – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;
2) «Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;
3) «Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;
4) «Бизнес» – экономиканың басымсекторларында жаңа бизнес-идеяларды іскеасыруға арналған;
5) «Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оныңішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықтыконтент құру жөніндегі жобаларды іске асыруғаарналған.
2024 жылғы 2 сәуірден бастап 2 маусымға дейін облыс бойынша өтінімдерді қабылдау жұмыстары жүргізілді. Жалпы саны 112 өтінім келіп түсті. Оның ішінде: «Бизнес» бағыты бойынша – 71, «Ғылым» бағыты бойынша – 11, «Мәдениет» бағыты бойынша – 10, «Ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша – 6, «Медиа» бағыты бойынша – 14 өтінім.
3-4 шілде «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі Жетісу облыстық конкурстық комиссия отырысы өткізілді. Жобаларын қорғау үшін комиссия отырысына келмегендіктен 11 қатысушы тізімнен алынды.
Жетісу облысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты конкурсының 2024 жылғы жеңімпаздарының тізімі:
«Ғылым» бағыты
Ысқақов Мағжан Серікұлы
«Мәдениет» бағыты
Уакышова Назым Мұратқызы
«Ақпараттық технологиялар» бағыты
Нуркежанов Дамир Муратович
«Медиа» бағыты
Қайыпбай Батырбек Байырханұлы
Мухамедияров Мерлен Нуржанович
«Бизнес» бағыты
Жакпаев Қуаныш Раимбекұлы
Какеева Айнур Акуевна
Омархан Мейрамбек Жанатханұлы
Сайлаубекова Айым Бауыржанқызы
Саудабаева Зарина Бақытқызы
Жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттау «Жастар» күніне орайластырылған онкүндік аясында 7 тамыз өткізу жоспарлануда.