Бірлік – болашақтың берік кепілі

Бірлік – болашақтың берік кепілі

Жетісу облысының әкімі

Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың

1 Мамыр - Қазақстан халқының бірлігі

күнімен құттықтауы

 

Құрметті жетісулықтар!

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Бұл мереке мемлекетіміздің ішкі тұрақтылығының, халқымыздың өзара түсіністігі мен мәдениетаралық диалогының маңызын арттыра отырып, ел бірлігінің бастауы, сыйластықтың символы, толеранттылықтың белгісі ретінде орнықты.

Ынтымақ пен келісімді нығайту еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрғыда табысты дамуының кепілі әрі әлеуетті стратегиялық ресурс болып отыр. Бұл орайда ортақ тағдыр табыстырып, ортақ шаңырақ астына біріккен жер жаннаты Жетісудың халқы ақ ниет, адал еңбегімен елдік мақсат-мүддеге елеулі үлестерін қосып, сол арқылы өзара татулығы мен қамқорлығын, елжандылығын танытуда.

Құрметті жерлестер, осы айтулы күнде сіздерге және отбасыларыңызға мықты денсаулық, толайым табыс, қуаныш пен шаттық тілеймін.

Әр шаңырақта сенім мен сүйіспеншілік салтанат құрып, ынтымағы арта берсін.

Әрдайым еліміздің іргесі берік, еңсесі биік, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!