Мемлекеттік тілді белсенді дамытуды жалғастырамыз

Мемлекеттік тілді белсенді дамытуды жалғастырамыз

"Мен қазақ тілі уақыт өте келе этносаралық қатынас тіліне айналатынына сенімдімін. Біз біртіндеп соған келе жатырмыз",- деп атап өтті Мемлекет басшысы. Қазір біздің көптеген отандастарымыз, түрлі этнос өкілдері күнделікті өмірде қазақ тілін белсенді қолдана бастағанын көріп жүрміз.

Тіл мәселесінің ойдағыдай шешілуі елдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы үшін үлкен маңызы бар екенін тарихтың өзі көрсетіп отыр. Сондықтан біз әртүрлі сыртқы және ішкі факторларды ескере отырып, стратегиялық ұстамдық пен төзімділік көрсете білуіміз керек.  

Алайда бұл мемлекеттік тілді дамытуды жалғастыра беруге кедергі емес. Көп адам қазақ тілін жақсы меңгеріп, оны қоғамның түрлі салаларында қолданып жүр. Бұл үдеріс біртіндеп артып, қазақ тілі бізді біріктіре түсуде шешуші рөлге ие болатынына сенімдімін.  

Бархудар Гусенов, Жетісу облыстық ҚХА мүшесі.