Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қамбаров Қайрат Телманұлы Жетісу облысына іс-сапармен келді

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қамбаров Қайрат Телманұлы Жетісу облысына іс-сапармен келді

2024 жылдың 22 ақпан күні Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қамбаров Қайрат Телманұлы Жетісу облысына іс-сапармен келді.

Іс-сапар барысында комитет төрағасы Жетісу облысындағы жастар саясатының жүзеге асырылу барысымен танысып, өңірдің белсенді жастарымен кездесті.

Кездесуде өңір жастарының өзекті мәселелері көтерілді. Мысалы, NEET санатындағы жастармен жұмыс, жастар үшін қолайлы орта қалыптастыру және мемлекеттік қолдаулар мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясында Қамбаров Қайрат Телманұлының қонақ дәрісі өтті.