7 мамыр - Отанымыздың шекарасын күзетіп, бейбітшілігі бұзылмауына, тәуелсіздігі мәңгілікке жалғасуына үлес қосқан ардагерлердің, олардың ізін жалғаған жаужүрек ұлдардың, абыройы асқақ азаматтардың мерекесі.
Осыған орай, 2023 жылдың 4-5 мамыр күндері «Қоғамдық келісім» КММ және 5514 әскери бөлімі бірлесіп, «Патриот болу парызың» республикалық форум жастарды патриоттыққа, толеранттылыққа және интернационализмдік сезімге тәрбиелеу мақсатында Қаратал ауданында өткізді.
Шараға 4 облыстан 30 жас қатысып, 2 кезең - спорттық-танымдық бағдарлама және зияткерлік сұрақтарға жауап беру бойынша жарысты.
Қорытындысында 1 орынды «07 Аймақ» (БҚО), 2 орынды «Жетісу университетінің колледжі», 3 орынды «Қайсар» (аралас команда: Жетісу, БҚО, Алматы қ.) командасы иеленіп, жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар табысталды.