
2023 жылдың 03 мамыр күні, Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы ММ «Қоғамдық келісім» КММ және Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен, І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында «Рухтың күші әкеде» жобасының аясында «Менің әкем – байлығым, бақытым» әкелер
форумы өтті. Отбасында, қоғамда әкенің ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерімізді өскелең ұрпақтардың бойына сіңіру жолындағы алатын орынын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған шараға Ақсу, Сарқан, Қаратал, Панфилов, Кербұлақ, Ескелді ауданынан және Талдықорған, Текелі қаласынан үздік 11 әке қатысты.
Шара барысында бейнероликтер, драматург С.Жүнісовтің «Жаралы гүлдер» спектаклі көрсетіліп, мектеп оқушылары «Менің әкем» өлеңін мәнерлеп оқыды.
Соңында облысымыздың Құрметті азаматтарын, еңбек ардагерлерін және форумға қатысқан әкелерді «Асыл-әке» медалімен марапатталды, балаларға тәтті толған себеттер табысталды.