
Содан да болар, халқымыз ежелден салт-дәстүрін берік ұстанып, ырым-тыйым мен жол-жоралғыларды жетік білген, кәдесіне жаратқан. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының басты мақсаты-ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу, жинақталған тәжірибені өскелең ұрпаққа беру және тарихи құндылықтарды жаңғырту.
Ұлы Наурыз мерекесі қарсаңында 2023 жылдың 15 наурызында облыстық «Қоғамдық келісім» КММ Мойнақ ауылының етегінде орналасқан «Айғаным» шаруа қожалығында Ассамблея жастарына мастер-класс ұйымдастырды.
Бұл шаруашылықтың иелері-ұзақ жылдар бойы мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы дәстүрлерімен айналысып, жаңғыртып келе жатқан қонақжай қазақ отбасы. Жастарға салт-дәстүрлерді көрсетіп қана қоймай, ауыл өмірімен таныстырып, құрт, ірімшік, қымыз сияқты ұлттық тағамдардың дайындалуын үйретті.
Осындай шеберлік сыныптарын алдағы уақытта да ұйымдастыру жоспарлануда.