Жетісу облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында жастардың экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған «EcoSana» интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа жанашырлықпен қарауды насихаттау және жастар арасында экологиялық жауапкершілікті арттыру.
Қоғамның тұрақты дамуы мен азаматтардың қауіпсіз әрі салауатты өмір сүруі табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетке тікелей байланысты. Осы ретте «EcoSana» интеллектуалды ойыны жастардың білімін шыңдап қана қоймай, экология саласындағы өзекті мәселелерді бірлесіп талқылауға мүмкіндік берген маңызды алаңға айналды.
Іс-шара ерекше интеллектуалды ойын форматында өтіп, қатысушылар қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қалдықтарды сұрыптау, экологиялық қауіпсіздік және жасыл өмір салты тақырыптары бойынша білімдерін сынға салды.
Ойынға төрешілік еткендер қатарында «Б. Құндақбаев атындағы орта мектебі» КММ-нің әдіскер-менторы Ақбота Шаншарбаева, «М. Құрманов атындағы орта мектебі» КММ-нің әдіскер-менторы Айым Жебеген және «Б. Құндақбаев атындағы орта мектебі» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шарбану Агламова болды.
Шара барысында мамандар жастармен пікір алмасып, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, экология саласындағы маңызды мәселелерді талқылауға белсенді қатысты.
Интеллектуалды ойын қорытындысы бойынша жеңімпаздар Panfilov jastary атынан алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды. Жалпы іс-шараға 5 команда қатысып, 30-ға жуық жас қамтылды.
«EcoSana» интеллектуалды ойыны – тек білім сайысы ғана емес, экологиялық жауапкершілігі жоғары, саналы қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама болды.
