Мемлекеттік рәміздердің пайдалану ретін түсіндіру бойынша семинар

Мемлекеттік рәміздердің пайдалану ретін түсіндіру  бойынша  семинар

2026 жылғы 24 сәуірде Жастарға қызмет көрсету орталығының конференц-залында Мемлекеттік рәміздердің заң талаптары мен ережелерге сәйкес пайдалану ретін түсіндіретін облыстық семинар ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында семинар қатысушыларына (облыстық басқарма мен департаметіне, мемлекеттік мекемелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдарға) мемлекеттік рәміздердің жай-күйіне ішкі мониторинг жүргізу, сондай-ақ осы саладағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде ұсынымдар берілді.