Мемлекеттік рәміздердің пайдалану ретін түсіндіру бойынша семинар

Мемлекеттік рәміздердің пайдалану ретін түсіндіру бойынша семинар

2026 жылғы 17 сәуірде Сарқан аудандық әкімдігінің мәжіліс залында және Ақсу аудандық мәдениет үйі залында қолданыстағы заңнама талаптары мен белгіленген нормаларға сәйкес мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібін түсіндіруге арналған семинарлар өткізілді.

Семинарларға мекемелер мен ұйымдардың мемлекеттік рәміздерге жауапты тұлғалары қатысты. Қатысушыларға мемлекеттік рәміздерді дұрыс пайдалану бойынша әдістемелік құралдар табысталды.

Іс-шара барысында семинар қатысушыларына мемлекеттік рәміздердің жай-күйіне тұрақты түрде ішкі мониторинг жүргізу, оларды талапқа сай орналастыру және сақтау, сондай-ақ осы саладағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде нақты ұсынымдар берілді.