Жетісу облысы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің 2026 жылғы алғашқы отырысы өтті. Кеңес отырысына облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов төрағалық етті. Отырыс барысында қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл, Жетісу облысы Азаматтық альянсы мен Азаматтық орталықтың жұмыс жоспарлары қаралды. Кеңес мүшелері азаматтық қоғам институттарының әлеуетін арттыру, үкіметтік емес ұйымдармен әріптестікті нығайту, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты тиімді іске асыру, сондай-ақ «Заң мен тәртіп», «Адал азамат» және «Таза Қазақстан» қағидаттарын іске асыруға ҮЕҰ-лардың қатысуын кеңейту мәселелерін талқылады. Отырыс қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдарға нақты тапсырмалар беріліп, қабылданған шешімдердің орындалуы қоғамдық даму басқармасының бақылауына алынды.