Талдықорған қаласында "NarkoStop" профилактикалық іс-шарасы өтті

Талдықорған қаласында "NarkoStop" профилактикалық іс-шарасы өтті

Талдықорған қаласында есірткі және нашақорлықтың алдын-алу мақсатында «NarkoStop» тақырыбындағы құзіретті орган қызметкерлерімен кездесу өтті. Жастарға есірткіден бас тартудың маңыздылығын түсіндіріп, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесудің басты мақсаты - есірткі қылмысының алдын алу, оның зияны мен қоғамға тигізетін кері әсерін жастар арасында кеңінен түсіндіру, есірткіге қатысты құқық бұзушылықтардың салдарын ашу, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың салауатты өмір салтын ұстануына, азаматтық жауапкершілігін күшейтуге бағытталды.

Іс-шара аясында жастар есірткі қылмысының алдын алу мәселесін түсініп, құқықтық сауаттылық деңгейін арттырды және өз денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғауға, салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған ой-пікірлер мен ұсыныстар қалыптастырды.

Кездесуге Талдықорған қаласының коледждерінен 30-ға жуық студент қатысып, ашық диалог алаңын құрды. Кездесу спикерлері ретінде Облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер-наркологы Мұхамеджан Талшын Сағдатқызы және Жетісу облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының майоры Мырзакулов Дастан Маликжанович қатысып жастарға есірткі қылмысының алдын алу, оның зияны мен салдары, құқықтық жауапкершілік және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы толық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді.

«NarkoStop» тақырыбындағы құзіретті орган қызметкерлерімен кездесу жастардың ойын біріктіріп, есірткі қылмысының алдын алу және салауатты өмір салтының маңыздылығы туралы өз ойын ашық жеткізетін маңызды әрі пайдалы алаң ретінде өз мәресіне жетті. Алдағы уақытта осындай ашық диалог алаңдарын ұйымдастырып, шамамен 1000 студент пен оқушыны қамту жоспарлануда.