Талдыкорган қаласында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы антиграффити акциясы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында есірткіге қарсы берік көзқарас қалыптастыру, қоғамдық орындарда заңсыз есірткі жарнамасының таралуына жол бермеу және құқықтық тәртіпке негізделген қауіпсіз орта құру болды. Акция барысында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің алдын алу және жастардың антинаркотикалық иммунитетін күшейту мәселелеріне баса назар аударылды. Қатысушылар заңсыз граффитилерді анықтау және жою жолдары туралы ақпарат алып, құқықтық сауаттылықтарын арттырды, сондай-ақ еріктілік және антиграффити бастамаларына қатысу мүмкіндіктерімен танысты.
Іс-шараның негізгі спикері ретінде Жетісу облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілі, полиция майоры Дастан Маликжанович Мырзакулов сөз сөйледі. Ашық диалог форматында ол жастармен есірткіге қатысты заңсыз граффитилер мәселесін талқылап, олардың алдын алу жолдарын түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына толық жауап берді.
Акция нәтижесінде жастар есірткінің зияны мен оның қоғамға тигізетін теріс әсерін тереңірек түсініп, заңсыз әрекеттерге қарсы белсенді азаматтық ұстаным қалыптастырды. Қатысушылардың құқықтық және ақпараттық білім деңгейі артып, салауатты өмір салтына деген қызығушылығы мен қоғамдық бастамаларға қатысу белсенділігі күшейді. «Есірткіге жол жоқ!» акциясы жастарды біріктіріп, қауіпсіз әрі таза қалалық ортаны қалыптастыруға бағытталған маңызды әрі тиімді бастама болды.