Жарнама, көрнекі ақпараттардағы тілдік нормаларды сақтау – қоғам мәдениетінің көрсеткіші

Жарнама, көрнекі ақпараттардағы тілдік нормаларды сақтау – қоғам мәдениетінің көрсеткіші

2026 жылғы 2 сәуірде Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Жарнама мен көрнекі ақпараттағы тіл нормаларын сақтау» тақырыбында облыстық семинар-тренинг өтті.

Аталған семинар-тренинг жұмысына қатысқан аудан, қала әкімдерінің әлеуметтік салаға жауапты орынбасарлары, аудандық, қалалық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту бөлімі басшылары, жауапты мамандар, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы Жетісу облыстық филиалы өкілдері, тіл оқыту орталықтарының қызметкерлері, «Қазақ тілі» қоғамы филиалы қызметкерлері, БАҚ өкілдері мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, жарнама мен көрнекі ақпараттағы тіл нормаларының сақталуын қамтамасыз ету шаралары жөнінде өзара тәжірбие алмасты.    

Талқыланған маңызды мәселелер алдағы уақытта салаға жауапты қызметшілердің жұмысына бағыт-бағдар беретіні сөзсіз.