Біліктілікті арттыру курсы өтті

Біліктілікті арттыру курсы өтті

2026 жылғы 31 наурызда Тіл сарайында Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Тілді оқыту үдерістерін жаңарту: оқыту нысандары, әдістері мен сапаны бағалау» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтті.

Іс-шараның кіріспесінде орталық басшысы Ж. Жолдыбаев курстың маңыздылығына тоқталды.

Курс барысында А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ф.ғ.к.  А. Фазылжан «Ұлттық тілдік-мәдени кодтарды үйрету – тіл оқыту әдістемесінің креативті өзегі» тақырыбында сабақ өткізіп, тіл мен мәдениетті ұштастырудың тиімді жолдары мен заманауи тәсілдерін таныстырды.

Курстың екінші бөлігінде А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Этнолингвистика бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.к Э. Өтебаева  «Қазақ тілі ұлттық корпусы мәдени-репрезентативті ішкорпусының лингводидактикалық әлеуеті» тақырыбында жалғастырып, ұлттық корпустың тіл оқытудағы мүмкіндіктерін тәжірибелік тұрғыда көрсетті.

Курс барысында қатысушыларға практикалық тапсырмалар ұсынылып, топтық жұмыстар ұйымдастырылды. Оқытушылар өзара тәжірибе алмасып, кәсіби біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік алды. Курсқа қатысушыларға сертифика табысталды.