
Ескелді ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «EcoSana» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың экологиялық мәселелерге деген қызығушылығын арттыру, табиғатты қорғау және ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі түсініктерін кеңейту, сондай-ақ олардың логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру және жылдам шешім қабылдау дағдыларын дамыту болды. Қатысушылар командалық жұмыс барысында өзара пікір алмасып, бірлесе шешім қабылдау арқылы көшбасшылық қасиеттерін көрсетті.
Зияткерлік ойын барысында тарих, география, экология және ғылым салаларын қамтитын қызықты әрі мазмұнды сұрақтар қойылды. Бірнеше кезеңнен тұратын сайыс қатысушылардан шапшаңдық пен тапқырлықты, сондай-ақ ұйымшылдықты талап етті.
Аталған ойынға белсенді жастар мен оқушылар қатысып, өз білімдерін сынап қана қоймай, жаңа достар тауып, пайдалы тәжірибе жинақтады. Сонымен қатар, олар өз ойларын еркін жеткізуге және қоғамдағы өз орнын сезінуге мүмкіндік алды.
Іс-шара соңында үздік нәтиже көрсеткен командалар арнайы сыйлықтармен марапатталып, ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттарға ие болды.
«EcoSana» зияткерлік ойыны – жастарды экологиялық сауаттылыққа баулып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үндейтін маңызды бастама.