«7 Ozen»: Жетісу жастары табиғат тазалығы үшін бірікті

«7 Ozen»: Жетісу жастары табиғат тазалығы үшін бірікті

Жетісу облысында «7 Ozen» экологиялық акциясы «Мөлдір бұлақ» подакциясы өтті. Экологиялық Жетісу облысында орналасқан өзен жағалауларын тазарту арқылы қоршаған ортаның тазалығын сақтау, су көздерін ластанудан қорғау, халықтың экологиялық мәдениетін арттыру және жастарды табиғатты аялауға, су ресурстарына ұқыпты қарауға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.

Акцияның басты мақсаты – Жетісу облысында орналасқан өзен жағалауларын тазарту арқылы қоршаған ортаның тазалығын сақтау, су көздерін ластанудан қорғау, халықтың экологиялық мәдениетін арттыру және жастарды табиғатты аялауға, су ресурстарына ұқыпты қарауға тәрбиелеуге ықпал етуге бағытталды.

Акция аясында қатысушылар өзен жағалауларын тұрмыстық және табиғи қалдықтардан тазартып, су көздерінің ластануын азайтуға үлес қосып, табиғатты қорғау бойынша еріктілер қозғалысын дамытуға үлес қосып, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғам назарын аударуға ат салысып, тұрғындарды тазалықты сақтауға және табиғатты аялауға үндеу жасалған челлендж түсіріп, экологиялық мәдениетті насихаттау және қалыптастыру, еріктіліек мәдениет пен жауапкершілік туралы ой-пікірлер мен ұсыныстар қалыптастырды.

Акцияға Жетісу облысының Талдықорған, Текелі қалаларынан және Қаратал, Ескелді аудандарынан 500-ден астам аудандық және қалалық әкімдік қызметкерлері, ҮЕҰ мүшелері, ҚБ мүшелері және өңірлік еріктілер қатысты, және одан бөлек 16 арнайы техника жұмылдырылып, 145 тоннадан астам қоқыс шығарылды. «7 Ozen» экологиялық акциясы «Мөлдір бұлақ» подакциясы қатысушылардың ойын біріктіріп, волонтерлік қызметтің қоғамдағы рөлі, жастардың белсенділігі мен жауапкершілігі туралы ойларын ашық жеткізетін, халықтың табиғатқа деген жан ашырлығын танытқан маңызды әрі пайдалы алаң ретінде өз мәресіне жетті. Алдағы уақытта осы сынды акцияларды ұйымдастырып, облыс көлемінде студенттер мен оқушыларды еріктілік қызметке тарту жоспарлануда.