Талдыкорган қаласында технологиялық жобалар көрмесі өтті

Талдыкорган қаласында технологиялық жобалар көрмесі өтті

Талдыкорган қаласында өткен Digital Nauryz көрмесі өңірдің жас өнертапқыштары мен технологияға қызығушылық танытқан жастарын бір алаңға жинады. Іс-шара Оқушылар сарайында өтіп, қатысушылар өздерінің цифрлық жобалары мен инновациялық шешімдерін көпшілікке ұсынды.

Көрме барысында стартаптар аллеясы ұйымдастырылып, онда робототехника, бағдарламалау, білім беру және бизнес бағытындағы түрлі жобалар таныстырылды. Қонақтар заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін көріп, жас әзірлеушілермен тікелей байланыс орнатып, олардың идеялары мен бастамалары туралы кеңірек ақпарат алды. Сонымен қатар, шарада мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары мен жергілікті компаниялардың үздік жобалары көрсетілді.

Digital Nauryz көрмесі жастардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға серпін беріп, өңірдегі инновациялық экожүйенің қалыптасуына үлес қосты.