Талдықорған қаласында «Құқық бұзушылыққа жол жоқ!» атты жасанды интеллект (ЖИ) фотосуреттер байқауы өтті

Талдықорған қаласында «Құқық бұзушылыққа жол жоқ!» атты жасанды интеллект (ЖИ) фотосуреттер байқауы өтті

«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында ұйымдастырылған бұл шара қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, заңға деген құрметті арттыруға және құқық бұзушылықтың алдын алу идеясын заманауи технологиялар арқылы кеңінен насихаттауға бағытталды.
Байқау барысында қатысушылар жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдаланып, «заң», «тәртіп», «қауіпсіз қоғам», «жауапкершілік» тақырыптарында креативті әрі мазмұнды фотожұмыстар ұсынды. Ұсынылған жұмыстар мазмұн тереңдігі, шығармашылық ерекшелігі және тақырыпты ашу деңгейі бойынша бағаланды.
Қорытындысы бойынша үздік деп танылған қатысушылар арнайы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Атап айтқанда, I орынды Бейсенбеков Ерик Бакдауоетович, II орынды Тұрсынбек Назира, III орынды Қазитай Алтынай иеленді.
Аталған іс-шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтық жауапкершілігін нығайтуға және цифрлық технологияларды тиімді пайдалануға серпін берді. Заң мен тәртіп – тұрақты қоғамның берік негізі.