Талдықорған қаласында «Roadshow Жетісу: Таңдау уақыты» жобасы өтті

Талдықорған қаласында «Roadshow Жетісу: Таңдау уақыты» жобасы өтті

Талдықорған қаласында жастар мен қала тұрғындарының азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған «Roadshow Жетісу: Таңдау уақыты» атты маңызды іс-шара өтті. Кездесу өңір жастары үшін қоғамдық диалог пен пікір алмасуды дамытуға арналған ашық алаңға айналды.

Шара барысында саналы таңдау мәдениеті, жастардың қоғамдық процестерге қатысуы, өңірдегі оң өзгерістерге үлес қосу мүмкіндіктері кеңінен талқыланды. Қатысушылар өз ойларын еркін білдіріп, қоғамдағы өз рөлін нығайту жөнінде ұсыныстарын жеткізді.

Іс-шараға Талдықорғанның 80 белсенді жасы қатысып, өңірдің дамуына қатысты өз пікірлерін ортаға салды. Талдықорған жастарының белсенділігі – өзгеріс жолындағы маңызды күш екені тағы бір мәрте дәлелденді. «Roadshow Жетісу: Таңдау уақыты» жобасы жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастырып, өңірлік бастамаларды қолдауға бағытталған жұмыстарды одан әрі жалғастыруды көздейді.