
19 ақпанда Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы 21 ақпан – Халықаралық ана тілі күніне орай «Ана тілі – рухани тәуелсіздіктің тірегі» атты облыстық байқау өткізді.
Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін арттыру, қазақ тілін БАҚ арқылы насихаттау және оның рухани тәуелсіздіктегі маңызын дәріптеу. Байқауға өңірдегі баспа, теле, радио және интернет журналистері қатысты.
Қазылар алқасында Жұмахмет Жайлаубай, Ришад Тұрғанбай және Айна Абызова болды. Байқау қорытындысы бойынша: «Үздік баспа материал» – І орын Медет Жұмабаев, ІІ орын Торғын Тұрлыбаева, Альфита Сексенбаева, Гаухар Муса, ІІІ орын Наргиз Ибраимова, Ербол Сымханов, Диана Дауренқызы. «Үздік интернет материал» – І орын Нұрлыбек Несіпбаев, ІІ орын Дидар Қайрат, ІІІ орын Ажар Андас. «Үздік радио материал» – І орын Сымбат Саттарқызы, ІІ орын Махаббат Жүзбайқызы.
Нәтижесінде үздік баспа, интернет және радио материалдар анықталып, жеңімпаздар диплом, статуэтка және сыйлықтармен марапатталды.