
Жетісу облысында, атап айтқанда Талдықорғанда, Есірткіге қарсы «NarkoStop» антиграффити шарасы өтті. Аталған іс-шара жастар арасында есірткіге қарсы тұрақты көзқарас қалыптастыру, қоғамдық кеңістікте заңсыз есірткі жарнамасының таралуына жол бермеу және қауіпсіз, тәртіпке негізделген орта құру мақсатында ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру, зиянды әдеттердің алдын алу және қоғамдық кеңістікте есірткіге қатысты заңсыз жазбалар мен жарнамаларды жою арқылы қауіпсіз ортаны қалыптастыру.
Шара аясында қатысушылар есірткінің денсаулыққа, әлеуметтік жағдайға және болашаққа тигізетін зияны туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамдық орындардағы заңсыз граффити жазбаларын анықтау және жою шараларымен танысты, жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заң алдындағы жауапкершілігін түсінді, антиграффити және волонтерлік бастамаларға жастарды тарту жолдарын білді және белсенді азаматтық ұстанымды дамыту арқылы зиянды ақпараттың таралуына тосқауыл болу жолдарын үйренді. Шараға 20-ға жуық өңірдегі жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қатысты.
Басты қонақ ретінде Жетісу облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының майоры Мырзакулов Дастан Маликжанович пен Жетісу облысының студенттік омбудсменті Қызайбай Ақерке Досымханқызы шақырылып, жастармен еркін форматта пікір алмасып, қоғамдық орындардағы заңсыз есірткі граффитилері мен олардың алдын алу жолдары жөнінде сұрақтарға толық жауап берді. Антиграффити шарасының қорытындысы бойынша жастар есірткінің зияны мен қоғамға тигізетін кері әсерін түсініп, қоғамдық орындардағы заңсыз есірткі граффитилеріне қарсы белсенді ұстаным қалыптастырды, құқықтық және ақпараттық сауаттылығы артты, салауатты өмір салтын ұстануға және антиграффити бастамаларына қатысуға деген қызығушылығы нығайтылды.
«NarkoStop» антиграффити шарасы жастардың белсенділігін арттыруға, есірткіге қарсы тұрақты көзқарас қалыптастыруға және қоғамдық орындардағы заңсыз граффитилерді жою арқылы қауіпсіз орта құруға бағытталған маңызды әрі тиімді алаң ретінде өз мәресіне жетті.