Сарқан ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Taza Time: тазалық – ортақ міндет» тақырыбындағы жастар кездесуі өтті

Сарқан ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Taza Time: тазалық – ортақ міндет» тақырыбындағы жастар кездесуі өтті

Сарқан ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Taza Time: тазалық - ортақ міндет» тақырыбындағы жастармен кездесу өтті. Аталған іс-шара Жастардың экологиялық санасын арттыру, қоғамдық белсенділік күшейту, тазалық тұрақты әдетке, «Taza Time» – жастардың өмірлік ұстанымына айналадыру мақсатында ұйымдастырылды. Жарыстың басты мақсаты - Жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тазалыққа деген жауапкершілікті арттыру және белсенді азаматтық ұстанымды дамыту.

Кездесу барысында «Sarqan jastary» филиалы жетекшісі экологиялық бағыттағы кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, тазалық мәдениетін қалыптастырудың нақты тетіктеріне тоқталды. Ол өз сөзінде тазалық – тек сенбілікпен шектелетін шара емес, бұл – жүйелі жұмыс пен тұрақты көзқарас екенін атап өтті. Жетекші жастармен жүзеге асқан экологиялық жобалар, волонтерлік бастамалар және «бір аула – бір жауапты топ» қағидасы бойынша жүргізілген жұмыстар туралы мысалдар келтірді. Әсіресе, жастардың бастамасымен өткен тазалық акциялары мен челлендждердің қоғамға оң әсері ерекше айтылды.

Белсенді қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, қатысушылар ашық пікір алмасып, өз ұсыныстарын білдірді. Жастар экологиялық мәдениетті трендке айналдыру, әлеуметтік желілерде «Taza Time» қозғалысын кеңінен насихаттау және тұрақты тазалық акцияларын өткізу туралы бастамалар көтерді. Шара соңында «Таза ой – таза орта – таза болашақ» қағидасы негізінде ортақ үндеу қабылданып, тазалықты өмір салтына айналдыруға шақыру жасалды.