Жетісу облысында жастар арасында антинаркотикалық мәдениетті нығайтуға арналған «NarkoStop» шарасы өтті

Жетісу облысында жастар арасында антинаркотикалық мәдениетті нығайтуға арналған «NarkoStop» шарасы өтті

Жетісу облысында нашақорлық және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жұмыстарын ілгерілету аясында «NarkoStop» би фестивалі және сурет көрмесі өтті. Аталмыш шара жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру, шығармашылық арқылы зиянды әдеттерден аулақ болуға үндеу және белсенді азаматтық ұстанымды дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Фестивальдың басты мақсаты - жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы иммунитет қалыптастыру, шығармашылық арқылы зиянды әдеттерден аулақ болуға үндеу, олардың құқықтық және әлеуметтік сауаттылығын арттыру, азаматтық белсенділігін дамыту және қоғамда есірткіге қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.

Іс-шара аясында қатысушылар сурет көрмесіне жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдана отырып, есірткіге қарсы іс-қимылды насихаттауға бағытталған авторлық жұмыстарын ұсынды. Ал бишілер арнайы дайындалған би флешмобы арқылы шараның идеологиясын ашып, салауатты өмір салты мен зиянды әдеттерге қарсы нық ұстанымды шығармашылық тұрғыда жеткізді. Бұл жастар үшін жай ғана фестиваль емес, тәжірибе алмасуға, жаңа достар табуға және өнер арқылы өз шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретін маңызды алаң болып қалыптасты. Фестивальға Талдықорған қаласының кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының білім алушылары мен жоғары оқу орындарынан 100 студент қатысып, авторлық сурет туындылары мен би флешмобтарын ұсынып креативті ойлар алаңына айналдырды. Фестиваль қонағы ретінде Жетісу облысы ПД «Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл» басқармасының майоры Мырзакулов Дастан Маликжанович қатысып жастарға есірткінің зияны мен құқықтық жауапкершілігі туралы толық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, салауатты өмір салтын ұстанатын жастар қозғалысын қолдау және кеңінен насихаттау бағыттары бойынша пікір алмасып, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді.

«NarkoStop» би фестивалі және сурет көрмесі жастардың ойын біріктіріп, жастардың өнер арқылы зиянды әдеттерге қарсы өз ұстанымын білдіретін, белсенді азаматтық көзқарасты қалыптастыратын және қоғамда есірткіге қарсы мәдениетті нығайтатын ортақ алаңға айналған жоғарғы деңгейлі шара ретінде өз мәресіне жетті. Алдағы уақытқа осы сынды креативті ойларды тоғыстыратын шараларды жоспарлы түрде өткізу, және жыл соңына дейін Жетісу облысының барлық аудандары мен қалаларын толықтай қамту жоспарлануда.