«Әділетті Қазақстан – жастар таңдауы»: Ақсу ауданында жоғары сынып оқушылары арасында интеллектуалды ойын өтті

«Әділетті Қазақстан – жастар таңдауы»: Ақсу ауданында жоғары сынып оқушылары арасында интеллектуалды ойын өтті

«Jetisu jastary» КММ-нің «Aqsy jastary» филиалы «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында жоғары сынып оқушылары арасында «Әділетті Қазақстан – жастар таңдауы» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырды. Шара қоғамдағы құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі болып өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, әділдік, заң үстемдігі және азаматтық жауапкершілік құндылықтарын терең ұғындыру, сондай-ақ логикалық ойлау дағдыларын дамыту болды.

Ойын барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Конституциясы, азаматтық құқықтар мен міндеттер, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқық бұзушылықтың салдары және заң үстемдігі жөніндегі сұрақтарға жауап берді. Бұған қоса, логикалық тапсырмалар мен жағдайлық сұрақтар ұсынылып, командалардың білім деңгейі мен жеделдігі бағаланды.

Интеллектуалды ойын үш кезеңнен тұрды:

«Таны да таңырқа» – жалпы құқықтық білім мен тапқырлық сыналатын бөлім;

«Иә немесе жоқ» – жылдам ойлау мен нақты жауап беру шеберлігін анықтайтын кезең;

«Заң және өмір» – күнделікті өмірде кездесетін құқықтық жағдайларды талдауға бағытталған бөлім.

Шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және «Әділетті Қазақстан» идеясының маңызын терең түсіндіруге ықпал етті.

Ойын қорытындысы бойынша:

I орын – «Жалын» командасы

II орын – «JS» командасы

III орын – «Академиктер» командасы

Жеңімпаз командалар арнайы сыйлықтармен марапатталып, белсенді қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.