Салауатты болашақ үшін: Талдықорғанда есірткіге қарсы түнгі шара ұйымдастырылды

Салауатты болашақ үшін: Талдықорғанда есірткіге қарсы түнгі шара ұйымдастырылды

«Заң және тәртіп» идеологемасы аясында Талдықорған қаласында жастар арасында есірткіге қарсы бағытталған «Мен есірткісіз өмірді таңдаймын» атты түнгі рейд өткізілді.

Аталған іс-шараға қалалық полиция басқармасының қызметкерлері мен «Jetisu jastary» КММ мамандары жұмылдырылды. Шараның басты мақсаты – жастардың есірткі заттарын медициналық емес мақсатта қолдануына, қоғамдық орындарда алкоголь тұтынуына жол бермеу, қоғамдық тәртіпті сақтау және тұрғындар үшін қауіпсіз ортаны қалыптастыру.

Рейд барысында жастар көп жиналатын орындар – саябақтар, көшелер мен тұрғын үй аулалары тексеріліп, алдын алу және түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Құқық қорғау органдары мен қоғам белсенділерінің бірлескен әрекеті жастарды салауатты өмір салтын таңдауға ынталандыруды көздейді.

Бұл – жай ғана қадағалау емес, қоғамның болашағына деген жанашырлықпен атқарылған маңызды қадам. Әрбір жас ұрпақтың қауіпсіздігі мен амандығы – барша қоғамның ортақ жауапкершілігі. Сол себепті мұндай шаралар қоғамдық тәртіп пен тыныштықты нығайтып, қауіпсіз әрі салауатты орта қалыптастыруға бағытталады.