3) елді мекендерде абаттандыруды, жарықтандыруды, көгалдандыруды және санитарлық тазалауды дамыту.
- конкурстық өтінімдер мен материалдарды қабылдау: 15-19 қыркүйек аралығы;
- өтінімдерді іріктеу және комиссия отырысы, шығулар арқылы бағалау (қажет болған жағдайда): 22-30 қыркүйек аралығы;
- жеңімпаздарды жариялау, марапаттау: 2 қазан.
- өтінімде аудан орталығының/ауылдың кем дегенде 20 фотосы (15х20 см көлемінде шығарылған және электрондық нұсқада), 2 минуттан кем емес түсірілген бейнеролигі және елді мекен туралы ақпарат қысқаша презентация түрінде (слайдтар) болуы тиіс, олар келесіні қамтуы қажет:
- аудан/ауыл атауы, құрылған жылы, халық саны, әкімінің толық аты-жөні;
- әлеуметтік объектілер туралы ақпарат;
- аумақтың санитарлық жағдайы (көшелердің, аулалардың тазалығы, қоқыс жәшіктері мен контейнерлердің болуы): 0-20 балл;
- көгалдандыру және жасыл желектерге үнемі күтім жасау (гүлзарлар, ағаштар, көгалдандыру, автоматты суару жүйесі): 0-20 балл;
- жаңа саябақтарды, скверлерді, аллеяларды кезең-кезеңімен құру,
сондай-ақ экожобаларды іске асыру: 0-15 балл;
- тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарының жай-күйі (нормативтік талаптарды сақтау, тарифтер мен нормаларды бекіту): 0-15 балл;
- көшелер мен қоғамдық аумақтарды жарықтандыру: 0-10 балл;
- әлеуметтік-экологиялық бастамалар (экологиялық білім беру, мектептердің қатысуы, үкіметтік емес ұйымдар және т.б.): 0-10 балл;
- іске асырылатын шешімдердің бейімділігі мен ауқымдылығы: 0-10 балл;
- аталған номинациялар бойынша тиісті ауданның әкімдіктері және ауылдық округ әкімдіктері қатыса алады.
«Үлгілі аула» номинациясы бойынша бағалау критерийлері:
- өтінімде ауланың кем дегенде 10 фотосы (15х20 см көлемінде шығарылған және электрондық нұсқада), 1 минуттан кем емес бейнеролигі және аула туралы қысқаша мәтіндік ақпарат болуы тиіс (пәтер иелері кооперативінің, мүлік иелері бірлестігінің, жай серіктестіктің, басқарушы компанияның, төрағалардың аты-жөні, ауланың санитарлық жағдайы, абаттандырылуы туралы ақпарат);
- ауланың санитарлық жағдайы (тазалығы, қоқыс жәшіктері мен контейнерлердің болуы): 0-20 балл;
- көгалдандыру және жасыл желектерге үнемі күтім жасау (гүлзарлар, ағаштар, көгалдандыру, автоматты суару жүйесі): 0-20 балл;
- ауланың жарықтандырылуы: 0-10 балл;
- аталған номинацияға көп пәтерлі үйлерінің мүлік иелері бірлестігі, пәтер иелері кооперативтері, жай серіктестік және басқарушы компаниялар төрағалары қатыса алады.
«Үлгілі аула» номинациясы бойынша көп пәтерлі үйлердің басқару компанияларының басшылары, төрағалары бір өтінімнен артық бере алмайды.
«Үлгілі елді мекен» номинациясы бойынша конкурстың жеңімпаздардын анықтау.
1) конкурс өткізуге қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасауға;
2) конкурсты ұйымдастырушылардан комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті қосымша материалдарды сұратуға және алуға;
3) комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтар;
4) сарапшылар мен мамандарды тартуға;
5) конкурс шарттарын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
1) Комиссия төрағасы;
2) Комиссия төрағасының орынбасары;
3) Комиссия мүшелері.
1) конкурс өткізуді ұйымдастырады;
2) конкурс туралы ақпаратты БАҚ-та және интернет-ресурстарда жариялайды;
3) Комиссия отырыстарына материалдар дайындайды;
4) жеңімпаздарды марапаттау рәсімін ұйымдастырады.