«Қауіпсіз орта - жарқын болашақ!» - Жетісу облысында нашақорлыққа қарсы кең ауқымды акция өтуде

«Қауіпсіз орта - жарқын болашақ!» - Жетісу облысында нашақорлыққа қарсы кең ауқымды акция өтуде

Жетісу облысында жастарды есірткіге тәуелділіктен қорғауға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған «Қауіпсіз орта - жарқын болашақ!» атты кең көлемді антиграффити акциясы бастау алды. Шараның басты мақсаты - жастарды зиянды ақпарат көздерінен сақтау, қоғамдық орындарда есірткіні насихаттайтын жазулардың алдын алу және тұрғындар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру болып табылады.
Акция аясында облыс орталығы мен аудан-қалалардағы ғимараттардың қабырғаларында пайда болған нашақорлықты насихаттайтын граффити жазулар мен штрих-кодтар анықталып, оларды жою жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Бұл шаралар тек көше тазалығын қамтамасыз етіп қана қоймай, жастарды зиянды әдеттерден сақтандыруға бағытталған маңызды қоғамдық бастама ретінде қарастырылып отыр.
Акция барысында Жетісу облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері, полиция майоры Мырзакулов Дастан Маликжанович арнайы баяндама жасап, жастарға есірткіден сақтану, құқықтық жауапкершілік және қауіпсіз орта қалыптастыру бойынша нақты кеңестер береді. Сонымен қатар, оқушылар мен студенттерге есірткінің адам денсаулығына, психологиясына және болашағына тигізетін зияны жайлы жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама - тек граффити тазалау емес, сонымен қатар жастардың бойында әлеуметтік жауапкершілік пен азаматтық белсенділікті қалыптастыруға арналған тиімді тәсіл. «Қауіпсіз орта - жарқын болашақ!» - бұл әрбір жасөспірім мен азаматқа бағытталған үндеу. Егер қоғам болып бірігіп әрекет етсек, жастарды зиянды әдеттерден қорғай аламыз, ал бұл - болашағымыздың қауіпсіз әрі жарқын болуына негіз болмақ.
Қорытындылай келе, мұндай акциялар - тек бір күндік шара емес, ұзақмерзімді қоғамдық сананы өзгертуге бағытталған нақты қадам. Қауіпсіз әрі салауатты орта - әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз екенін ұмытпайық.